Пайдаланушы келісімі

Осы Пайдаланушы келісімі «AITU - Dala» ЖШС (бұдан әрі – «Компания») мен жеке тұлға – онлайн-платформа пайдаланушысы (бұдан әрі – Пайдаланушы) арасындағы www.aitube.kz интернет-ресурсы мен мобильді қолданбаны қамтитын Aitube онлайн-платформасында видео, аудио, фото, ақпарат және басқа да материалдар орналастыру және пайдалану жөніндегі қарым-қатынасты реттейді.

1. ТЕРМИНДЕР МЕН АНЫҚТАМАЛАР

Aitube онлайн-платформасы (Платформа) – Интернет арқылы жұмыс істейтін, белгісіз адамдар тобына қолжетімді Ақпарат пен Контентті қамтитын, кез келген тұлғаға оларға Сайт және (немесе) Қолданба арқылы қолжетімділік алуға мүмкіндік беретін және Пайдаланушыларға Ақпарат пен Контентті жүктеу, орналастыру және қарау мүмкіндігін беретін Компания иелігіндегі аппараттық-бағдарламалық кешен.

Қолданба – Пайдаланушыға осы Пайдаланушы келісімі толық сақталған жағдайда қолданбалар дүкені арқылы қолжетімді болатын, iOS, Android операциялық жүйелерінің басқаруымен жұмыс істейтін мобильді құрылғыларға арнап әзірленген, Платформаның бір бөлігі болып табылатын мобильді қолданба.

Сайт - (URL): Aitube.kz мекенжайы бойынша орналасқан, Платформаның бір бөлігі болып табылатын интернет-ресурс.

Жеке кабинет – Пайдаланушының қолжетімді функционал мен интерфейс шеңберінде Платформамен және Компаниямен өзара іс-қимылына арналған Пайдаланушының Платформадағы және (немесе) Қолданбадағы дербес ақпараттық кеңістігі. Жеке кабинетке қолжетімділік Пайдаланушыға Платформада және (немесе) Қолданбада тіркелу рәсімінен сәтті өткеннен кейін ұсынылады.

Компания – Платформаның иесі және операторы болып табылатын «Aitu – Dala» ЖШС, БСН 190240009453 мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қ., Р. Қошқарбаев даңғ., ¼ ғимарат.

Пайдаланушы – Сайтты және (немесе) Қолданбаны қоса алғанда, Платформа сервистерін пайдаланатын жеке тұлға.

Серіктес – Компаниямен жасалған шарттар негізінде пайдаланушылар базасын құру, оны қолдану, кеңейту, атқарымды ұлғайту, сондай-ақ, Платформаға және кез келген сервистерге қолдау көрсету үшін Компанияға қызмет көрсету, оның ішінде Компанияның жұмыс процестеріне қызмет көрсету мақсатында тартылатын тұлғалар.

Дербес деректер – электронды, қағаз және (немесе) басқадай материалды тасымалдауышта бекітілген, жиналуы мен өңделуі осы Пайдаланушы келісімі, Сайтта орналастырылған Құпиялылық саясаты және Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарында жүзеге асырылатын деректер, оның ішінде белгілі немесе олардың негізінде белгілі болатын дербес деректер субъектісіне қатысты биометрикалық деректер, сондай-ақ кейіннен оларға енгізілетін өзгертулер мен толықтырулар.

Сервистер – Платформа және (немесе) Қолданба Пайдаланушыларына қолжетімді, оның ішінде Серіктестер ұсынатын қызметтер мен құралдар.

Пайдаланушы келісімі – осы келісім, кез келген өзгертулері мен толықтыруларын қоса алғанда.

Құпиялылық саясаты – Платформада www.aitube.kz/terms мекенжайы бойынша орналастырылған осы Пайдаланушы келісімінің ажырамас бөлігі болып табылатын Дербес деректерді қоса алғанда, Пайдаланушы деректерін жинау, пайдалану, сақтау, өңдеу, қорғау және құпиялылығын қамтамасыз ету тәртібі мен талаптарын айқындайтын, кез келген өзгертулері мен толықтырулары бар құжат.

Есепке алу деректері – Пайдаланушы тіркелу және (немесе) Платформаны алғашқы пайдалану кезінде ұсынатын, Компания олардағы кез келген өзгертулер мен толықтыруларды ескере отырып, солардың негізінде Пайдаланушыны анықтайтын деректер.

Контент – Пайдаланушы тікелей Платформаға және (немесе) Қолданбаға жүктеген (орналастырған) аудио, видео және басқа материалдар (оның ішінде аудиовизуалды туындылар).

Ақпарат - Пайдаланушы Платформаға және (немесе) Қолданбаға жүктеген (орналастырған) графикалық және мәтінді материалдар (оның ішінде пікірлер, мәтіндер және т.б.)

Арна – нақты Пайдаланушыға оның тіркелуі кезінде ұсынылатын, Пайдаланушының Контентті және (немесе) Ақпаратты орналастыру және (немесе) өшіру, Платформаның, Сайттың және (немесе) Қолданбаның техникалық мүмкіндіктері шеңберінде осы бөлімге қатысты басқа да әрекеттерді жүзеге асыру мүмкіндігі болатын Платформа бөлімі.

Құқық иесі – аудиовизуалды туындыны (толығымен немесе оның жекелеген элементтерін) пайдалану құқығының иесі болып табылатын, Компанияға өзара әрекеттестік пен ынтымақтастық аясында, оның ішінде Құқық иесіне тиесілі жоғарыда көрсетілген аудиовизуалды туындыларды пайдалану құқығын қорғау мақсатында пайдалану құқығы өзіне тиесілі аудиовизуалды туындылардың түпнұсқа материалдарын ұсынған заңды немесе жеке тұлға.

2. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

2.1

Компания Пайдаланушыға осы Пайдаланушы келісімі талаптарында Платформаны және ондағы қолжетімді қосымша Сервистерді пайдалануды ұсынады. Жекелеген Сервистерді ұсынуға қатысты Компания осы Пайдаланушы келісімінің ажырамас бөлігі болып табылатын және Платформада орналастырылатын арнайы қағидалар белгілеуі мүмкін. Осы Пайдаланушы келісімінің ережелері мен арнайы қағидалар арасында қайшылықтар болған жағдайда арнайы қағидалардың ережелері қолданылады.

2.2

Платформада ұсынылатын функционал, интерфейс, сондай-ақ кез келген қызметтер (кез келген Сервистерді қоса алғанда) Пайдаланушыға алдын ала ескертпестен, кез келген сәтте өзгеруі, толығуы, жаңаруы, атқарымдық мүмкіндіктерінің нысаны мен сипатын өзгертуі мүмкін, соған байланысты оларды “сол қалпында”, яғни Компания Пайдаланушы жүгінген сәтте ұсынған түрде және көлемде пайдалану ұсынылады. Компания өз қарауынша жалпы Пайдаланушылардың барлығына не болмаса жекелеген Пайдаланушыға, оның ішінде алдын ала ескертусіз Платформаға, Сайтқа және (немесе) Қолданбаға, олардың бөліктеріне, және (немесе) жекелеген Сервистеріне (не болмаса Сервистер аясында қандай да бір жеке функцияларға) қолдау көрсетуді ұсынуды тоқтатуға (уақытша немесе тұрақты негізде, барлық немесе жекелеген аумақтарда, барлық немесе жекелеген санаттардағы Пайдаланушыларға, немесе құрылғылардың және (немесе) операциялық жүйелердің, бағдарламалық өнімдердің модельдеріне) құқылы.

2.3

Компания Пайдаланушының Компания қызметкерлеріне де, өзге Пайдаланушыларға да қатысты әдеп нормаларының бұзылуына немесе осы Пайдаланушы келісімі ережелерінің басқадай бұзылуына жол бергені үшін оның Платформаға, оның функционалына және (немесе) Сервистеріне қолжетімділігін шектеуге немесе тыйым салуға (уақытша немесе тұрақты негізде) құқылы.

2.4

Егер де Пайдаланушыда екінші Пайдаланушыға қатысты соңғысының Сервистерді және (немесе) ол орналастырған Ақпаратты және (немесе) Контентті пайдалануына байланысты наразылық туындаса, Пайдаланушы ол талаптарды ондай Пайдаланушыға тікелей қойып, наразылықтарын өз бетінше әрі Компанияның қатысуынсыз шешуге міндетті, сондай-ақ Компанияны (оның еншілес компанияларын, үлестес тұлғаларын, қызметшілерін, директорларын, өкілетті органдары мен қызметкерлерін қоса алғанда) барлық талаптардан, міндеттемелерден, ондай талаптар нәтижесінде немесе соларға байланысты туындаған адвокат қолақысын қоса алғандағы зиянды, залалды, шығындарды және ұсталымдарды өтеуге қатысты өтемақылардан босатады.

3. ПОРТАЛҒА ТІРКЕЛУ ТАЛАПТАРЫ

3.1
Кәмелет жасқа толған Пайдаланушы осы Пайдаланушы келісімінің 8-бөлімін, сонымен қатар Құпиялылық саясатын ескере отырып, осы Пайдаланушы келісімін қабылдаған жағдайда Платформаны және (немесе) Қолданбаны пайдалануға құқылы. Бұл ретте Пайдаланушының Платформаны жүктеуі және (немесе) Сайтты пайдалануы оның осы Пайдаланушы келісімі мен Құпиялылық саясатының талаптарын сөзсіз қабылдағанын білдіреді. Кәмелетке толмаған Пайдаланушы Платформа мен Қолданбаны Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайлар мен тәртіпте пайдалануға құқылы.
3.2
Осы Пайдаланушы келісімін жасаған сәт болып қолданыстағы функционал есебімен Пайдаланушының Платформада және (немесе) Қолданбада сәтті түрде авторизациядан өтуі (тіркелуі) саналады.
3.3

Қолданба ресми қолданбалар дүкенінен (GooglePlay немесе AppStore) жүктелген болуы керек. Өзге қайнар көздерден жүктелген Қолданбаны пайдалануға жол берілмейді, себебі оларда атқарым бұзылған болуы, сондай-ақ зиян келтіретін бағдарламалық жасақтама орнатылған болуы мүмкін.

3.4
Платформаны пайдалану кезінде Пайдаланушыдан Сайтқа және (немесе) Қолданбаға кейбір функцияларға қолжетімділік алуға рұқсат сұратылуы мүмкін. Пайдаланушы қолжетімділікке тыйым сала алады, бірақ ондай жағдайда Сайттың және (немесе) Қолданбаның функционалы шектеулі болуы мүмкін.
3.5
Платформа және (немесе) Қолданба Сервистерін пайдалану үшін, Пайдаланушы ВКонтакте, Одноклассники, Facebook, Google, Apple ID, Aitu pasport секілді әлеуметтік желілердің Есепке алу деректерінің көмегімен авторизациядан өтеді немесе электронды пошта мекенжайын не болмаса абоненттік құрылғының ұялы нөмірін көрсетеді. Пайдаланушы Платформада/Қолданбада авторизациядан өту рәсімін әлеуметтік желілер арқылы авторизацияны растау жолымен немесе Пайдаланушы авторизациядан өту кезінде көрсеткен электронды поштаға алынған сілтемеге басу, не болмаса Пайдаланушы авторизациядан өту кезінде көрсеткен абоненттік құрылғының ұялы нөміріне алынған бірреттік парольді қамтитын қысқаша мәтінді хабарламаны енгізу жолымен аяқтайды. Платформаға Контент және (немесе) Ақпарат орналастыру бойынша функционалға қолжетімділік беру шарты болып «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабы 5-1 тармағында белгіленген тәртіпте Платформада авторизациядан өту жолымен осы Пайдаланушы келісімін жасау табылады.
3.6

Пайдаланушы Платформадан Есепке алу деректерін өңдеуге және (немесе) өшіруге құқылы. Есепке алу деректерін өшіру support@aitube.kz мекенжайы бойынша Платформаның қолдау қызметіне сұрату жіберу жолымен жүзеге асырылады. Есепке алу деректерін өшіру Пайдаланушыдан сұрату келіп түскен күннен кейінгі 7 күн ішінде жүргізіледі. Пайдаланушының Есепке алу деректері өшірілгеннен кейін, осы есептік жазба пайдаланыла отырып орналастырылған Пайдаланушы Контентінің, Ақпаратының және басқадай деректерінің барлық көлемі қалпына келтіруге жатпайды.

3.7

Пайдаланушы Платформа мен Қолданбаны соңғы авторизациядан өту күнінен кейін 12 күнтізбелік ай ішінде пайдаланбаған (Пайдаланушы авторизацияны жүзеге асырмаған) жағдайда, сондай-ақ осы Пайдаланушы келісімінде және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа жағдайларда Компания Пайдаланушының есептік жазбасын өз бетінше, өз қарауынша бұғаттауға немесе жоюға құқылы.

3.8

Пайдаланушы өзінің Есепке алу деректерінің сақталуын қадағалап, оларды үшінші тұлғаларға ашпауға міндетті. Өзінің Есепке алу деректерін Пайдаланушы атынан және оның мүдделері үшін әрекет ететін немесе мұндай Есепке алу деректерін Пайдаланушымен тиісті келісімдер негізінде алған тұлғаларды қоспағанда үшінші тұлғаларға беруге, сонымен қатар өзінің Есепке алу деректерін Платформа мен Қолданбаны пайдалану үшін қолдануға үшінші тұлғаларға тікелей немесе жанама түрде рұқсат беруге Пайдаланушының құқығы жоқ.

3.9

Пайдаланушының Есепке алу деректері пайдаланыла отырып жасалған кез келген әрекет Пайдаланушының өзі немесе ол өкілеттік берген тұлғалар жасаған әрекет болып саналады және Пайдаланушыға осы Пайдаланушы келісімі мен Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін артылатын жауапкершілікті қоса алғанда, мұндай әрекеттерге қатысты міндеттер мен жауапкершілік белгілейді.

3.10
Платформаға және Қолданбаға Контент және (немесе) Ақпарат орналастыру кезінде Пайдаланушының ол тіркелген және Контент және (немесе) Ақпарат орналастырған (жүктеген) кезде көрсеткен аты (ник) көрсетіледі. Пайдаланушының аты (ник) нормативтік емес лексиканы және қорлау түрінде қабылдануы мүмкін сөздерді, сондай-ақ үшінші тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзатын сөз саптаулары мен сөздерді қамтымауы тиіс.
3.11
Компания Пайдаланушыға өзі туралы ақпарат: сайттағы аты, Пайдаланушы және оның Платформаға орналастырылған (жүктелген) Контенті туралы қысқаша ақпарат, Пайдаланушының ресми сайтына, Пайдаланушы суретіне сілтеме орналастыру құқығын береді. Мұндай ақпарат Пайдаланушының жарнамасы немесе оның тауарлары мен қызметтерінің жарнамасы болып табылмайды және тек қана оның Платформада сәйкестендірілуі және ол туралы ақпарат беру үшін орналастырылады.
3.12

Осы Пайдаланушы келісімін жасай отырып, Пайдаланушыға ағымдағы уақытта да, болашақта да Платформаны, Сайтты, Қолданбаны және (немесе) Сервистерді пайдалану мүмкіндігін, сонымен қатар Платформа, Сайт, Қолданба және (немесе) Сервистер атқарымын дамыту мен жақсарту мүмкіндіктерін беру, сондай-ақ Құпиялылық саясатында, тікелей осы Пайдаланушы келісімінің ажырамас бөлігін құрайтын Компания қағидалары мен құжаттарында көрсетілген басқадай мүмкіндіктерді беру мақсаттары үшін, Пайдаланушы Компанияға төмендегілерге сөзсіз келісімін береді:

  • Пайдаланушының дербес деректерін Қазақстан Республикасының заңнамасында рұқсат етілген кез келген қолжетімді тәсілмен және кез келген дереккөздерден, оның ішінде көпшілікке қолжетімді деректерді, Компанияның, Компанияның үлестес тұлғаларының және ағымдағы уақытта да, болашақта да Компаниямен Дербес деректерді жинауға, өңдеуге және қорғауға қатысты жағдайлармен немесе құқықтық қатынастармен байланысты үшінші тұлғалардың Қазақстан Республикасының заңнамасында рұқсат етілген шектерде жинауы және өңдеуі (жинақтауы, сақтауы, өзгертуі, толықтыруы, пайдалануы, таратуы, иесіздендіруі, бұғаттауы және жоюы);
  • Дербес деректерді Компанияның үлестес тұлғаларына және ағымдағы уақытта да, болашақта да Компаниямен Дербес деректерді жинауға, өңдеуге және қорғауға қатысты жағдайлармен немесе құқықтық қатынастармен байланысты үшінші тұлғаларға беру, оның ішінде трансшекаралық беру;
  • Дербес деректерге қатысты Платформада орналастырылған осы Пайдаланушы келісіміне, Құпиялылық саясатына және дербес деректерді қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге іс-әрекеттер.

3.13

Дербес деректерді жинау мен өңдеуге берілген осы келісім Компанияның техникалық қолдау қызметінің телефонына / Байланыс орталығына / электронды поштасы мекенжайына алынған Пайдаланушылардың өтініштерін өңдеу кезінде Компанияның дербес деректерді пайдалануының кез келген жағдайларына (оның ішінде Пайдаланушылармен жеке сөйлесу мақсаттары үшін) таралады.

3.14

Пайдаланушы өзінің Дербес деректерін жинау мен өңдеуге берген келісімін support@aitube.kz электронды пошта мекенжайына өтініш жіберу арқылы кез келген уақытта қайтарып ала алады.

3.15

Осы Пайдаланушы келісімін жасай отыра, Пайдаланушы үшінші тұлғалардан да, Компаниядан да жарнама ақпаратын алу мүмкіндігіне өз келісімін білдіреді. Пайдаланушы Компанияның сілтемелері тиісті материалдарда болуы мүмкін сайттарды қоса алғанда, ондай ақпараттың мазмұнын белгілемейтінін және олар үшін жауапкершілік көтермейтінін түсінеді және онымен келіседі.

3.16

Осы Пайдаланушы келісімі осы Пайдаланушы келісімі күшіне енгенге дейін де, енгеннен кейін де алынған дербес деректерге таралады.

4. КОНТЕНТТІ ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫ ОРНАЛАСТЫРУ ШАРТТАРЫ

4.1

Пайдаланушымен жеке келісімде басқасы тікелей ескертілген жағдайларды қоспағанда, орналастырылған Контент пен Ақпарат үшін Пайдаланушыға қандай да бір сыйақы тиісті болмайды және төленбейді.

4.2
Пайдаланушы өз Контентін және (немесе) Ақпаратын жүктеген кезде Компанияға Контентке және (немесе) Ақпаратқа қайтарып алынбайтын және аумақтық тұрғыда шектеусіз лицензия ұсынады және оны Компанияның, үлестес тұлғалардың және Серіктестердің кез келген жолмен, кез келген нысанда және кез келген мақсатта, оның ішінде Платформа, Сайт, Қолданба және (немесе) Сервистер жұмысын қамтамасыз ету, ілгерілету, функцияларын жақсарту және жетілдіру үшін, және Қазақстан Республикасының заңнамасында рұқсат етілген шектерде пайдалануға рұқсат береді. Бұл ретте кез келген тұлға өз таңдауы бойынша кез келген Контентке және (немесе) Ақпаратқа кез келген уақытта кез келген жерден (Контентті және (немесе) Ақпаратты сақтау мүмкіндігімен де, мүмкіндігінсіз де) қолжетімділік ала алады.
4.3

Пайдаланушы Компанияның үшінші тұлғаларға Контентті және (немесе) Ақпаратты Компания белгілеген көлемде, өтеулі де, өтеусіз де негізде пайдалану құқығын (қосалқы лицензия) беруіне келісімін береді.

4.4
Компания жарнама материалдарын, видеороликтерді, баннерлерді және хабарландыруларды (оның ішінде үшінші тұлғалардың да) Пайдаланушының Контентін және (немесе) Ақпаратын қамтитын Платформа беттерінде орналастыруға, сондай-ақ Платформа арқылы Контентпен және (немесе) Ақпаратпен бірге ойнатуға, Контентті түрлендіруге және қайта өңдеуге, сонымен қатар Контентті басқа коммерциялық мақсаттарда Пайдаланушыға сыйақы төлеместен пайдалануға құқылы.
4.5

Компания Пайдаланушыға Пайдаланушы орналастырған Контенттің және (немесе) Ақпараттың пайдаланылуы туралы қандай да бір есептер және (немесе) ақпараттар ұсынуға құқылы, бірақ міндетті емес.

4.6
Пайдаланушы Контентке және (немесе) Ақпаратқа қатысты қажетті барлық құқықтарға, оның ішінде оларды осы Пайдаланушы келісімі талаптарына сәйкес пайдалануға рұқсат беру құқығына ие екеніне кепілдік береді және олардың орналастырылуы мен пайдаланылуына толық жауапкершілік көтереді. Пайдаланушы Платформаға Контент және (немесе) Ақпарат орналастыру және оларды әрі қарайғы пайдалану авторлық, шектес, патенттік құқықтарды, жеке өмірдің дербес құқықтылығы, ар-намысты, абыройды, іскерлік беделді қорғау, азамат бейнесі құқықтарын және т.б. қоса алғанда, бірақ онымен де шектелмей, өзге тұлғалардың зияткерлік меншік құқықтарын, жеке мүліктік немесе мүліктік емес құқықтарын бұзбайтынына кепілдік береді.
4.7
Пайдаланушының ол орналастырған қандай да бір Контенттің және (немесе) Ақпараттың құқық иесі екеніне Компанияның күмәні туған немесе Контент және (немесе) Ақпарат үшінші тұлғалардың қандай да бір құқықтарын немесе заңды мүдделерін бұзады деп шамалауға негіз болған, не болмаса Контенттің және (немесе) Ақпараттың мазмұны осы Пайдаланушы келісімі және (немесе) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы талаптарына қайшы келген жағдайда, Компания өз қарауынша Платформадан тиісті Контентті және (немесе) Ақпаратты жоюға құқылы. Бұл тармақтың контексінде құқық иесі ретінде Компания өз қарауынша құқық иесі немесе оның өкілі ретінде таныған кез келген тұлға қарастырылады.
4.8
Компания Пайдаланушыға осы Пайдаланушы келісімінің 4.7. тармағында көрсетілген әрекеттер жайында, Контентті және (немесе) Ақпаратты өшіруді немесе ондай әрекеттердің себептерін қоса алғанда, хабарлауға міндетті емес. Бұл тармақ Компанияға Платформада орналастырылған Контентті және (немесе) ақпаратты жүйелі түрде модерациялау (мазмұныны қадағалап отыру) міндеті жүктелетінін білдірмейді және олай түсінілмейді. Компания сондай-ақ Платформадан осы Пайдаланушы келісімінің шарттарымен тікелей тыйым салынбаған, алайда Компания тарапынан Контент және (немесе) Ақпарат мазмұнына қатысты Компания саясатына сәйкес келмейді немесе бірмәнді емес деп танылған, нәтижесінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы нормаларына сай емес деп тану тәуекелі туындайтын Контентті және (немесе) Ақпаратты өшірудің біржақты құқығын өзіне қалдырады.
4.9
Пайдаланушы өз бетінше кез келген уақытта ол тікелей Платформаға орналастырған (жүктеген) Контентті және (немесе) Ақпаратты ішінара немесе толық жоя алады.
4.10
Пайдаланушы басқа Пайдаланушылар Контентке қатысты Пайдаланушы Арнасына орналастыратын ақпаратқа (пікірлерге) өз бетінше бақылау жасайды және аталған пікірлермен осы Пайдаланушы келісімі немесе Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарының бұзылуына өз бетінше, толық көлемде жауапкершілік көтереді. Кімде-кім осы Пайдаланушы келісіміне немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін пікірлер орналастырған жағдайда Пайдаланушы ол жайында support@aitube.kz электронды пошта мекенжайына ол пікір орналастырылған Контентке және (немесе) Ақпаратқа сілтеме жасай отырып, тиісті хабарлама жіберу жолымен дереу Компанияға хабарлауға міндетті.
4.11
Пайдаланушы Платформаға Контент және (немесе) Ақпарат орналастырған кезде, ол ондай Контенттің және (немесе) Ақпараттың мазмұны үшін өзіне толық көлемде жауапкершілік алатынымен келіседі, Платформаға Контент және (немесе) Ақпарат орналастырылуы нәтижесінде Қазақстан Республикасы заңнамасының немесе үшінші тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуымен байланысты үшінші тұлғалардың барлық наразылықтары мен талаптарын өздігінен шешуге міндеттенеді және осы тармақта көрсетілген наразылықтарды және (немесе) талаптарды шешумен байланысты әрекеттердің барлығын өздігінен және өз есебінен жүзеге асыруға міндетті. Пайдаланушы орналастырған Контентке және (немесе) Ақпаратқа байланысты үшінші тұлғалардың наразылықтары келіп түскен кезде Компания Пайдаланушы және орналастырылған Контент және (немесе) Ақпарат жайлы мәліметті Пайдаланушының келісімінсіз беруге құқылы.
4.12
Компания кез келген Контентті және (немесе) Ақпаратты орналастырмау құқығын өзіне қалдырады. Видео және аудио Контент Платформада қолдау көрсетілетін форматтарда ұсынылуы тиіс.
4.13
Қызметтердің және Пайдаланушыларды жаңа Сервистер және Платформа мүмкіндіктері жайында ақпараттандырудың сапасын жақсарту мақсатында Компания Пайдаланушыға тіркелу кезінде көрсетілген электронды пошта мекенжайына ақпараттық хабарламалар жіберуге құқылы. Ондай хабарламалар үшінші тұлғалардың жарнамасын қамтымайды және Пайдаланушыға 7 (жеті) күн ішінде бір рет жіберілуі мүмкін. Пайдаланушы кез келген сәтте аталған ақпараттық хабарламаларды алу мерзімділігін өзгерте алады немесе ақпараттық хабарламаның өзіндегі тиісті пәрменге басу арқылы оларды алудан мүлдем бас тарта алады: алынған ақпараттық хабарламаның төменгі жағында «Таратылымнан бас тарту» сілтемесі бойынша тиісті Интернет-парақшаға өтіп, ашылған мәзірден тиісті тармақты таңдай отырып, ақпараттық хабарламаларды алудың талап етілетін тәртібін орнату не болмаса болашақта оларды алудан бас тарту талап етіледі. Ақпараттық хабарламаларды алу мерзімділігін өзгерту немесе ақпараттық хабарламаларды алудан бас тарту рәсімінен өткен соң Пайдаланушының оларды сол мерзімділікте алуы жалғасқан жағдайда ақпараттық хабарлама алынған электронды пошта мекенжайынан әкімшіліктің support@aitube.kz электронды пошта мекенжайына проблеманы сипаттай отырып хабарлама жіберу жолымен әкімшілікке жүгіну қажет. Осы тармақта көзделген жоғарыда аталған уақытша шектеу, мерзімділік немесе бас тарту Пайдаланушының Платформадағы және Қолданбадағы әрекеттеріне немесе ол орналастырған Контентке және (немесе) Ақпаратқа байланысты әкімшіліктің қызметтік хабарламаларына, сондай-ақ Пайдаланушы жіберген сұратуларға берілген Компанияның жауаптарына таралмайды.

5. ТАРАПТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

5.1.

Пайдаланушы төмендегілерге құқылы:

5.1.1.

Пайдаланушы келісімінде және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мақсаттар мен тәртіпте Платформа мен Қолданбада бар Сервистердің барлығын пайдалану;

5.1.2.

осы Пайдаланушы келісімінің талаптарын сақтаған жағдайда Контент жүктеу;

5.1.3.

Пайдаланушының дәйексіз немесе құқыққа қайшы ақпаратты қоса алғанда, басқа Пайдаланушылардың Контентіне және (немесе) Ақпаратына қатысты шағымы туындаған жағдайда, сонымен қатар Платформамен байланысты сұрақтары және (немесе) тілектері болған жағдайда support@aitube.kz мекенжайына өтініш ресімдеу;

5.1.4.

осы Пайдаланушы келісімінде және Компания мен оның Серіктестерінің басқа құжаттарында, Пайдаланушы қабылдаған Құпиялылық саясатында және Пайдаланушы қабылдаған басқа құжаттарда және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа құқықтарды пайдалану.

5.2.

Пайдаланушы төмендегілерге міндетті:

5.2.1.

Платформаны, Қолданбаны және (немесе) Сервистерді тек қана олар арналған мақсаттарда пайдалану;

5.2.2.

Пайдаланушының құқыққа қайшы әрекеттері нәтижесінде Компанияға, Компанияның үлестес тұлғаларына, Серіктестерге, өзге Пайдаланушыларға және кез келген үшінші тарапқа келтірілген зиянның орнын толтыру;

5.2.3.

Пайдаланушы осы Пайдаланушы келісімінде, Құпиялылық саясатында, Пайдаланушы қабылдаған басқа құжаттарда және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да міндеттерді көтереді.

5.3.

Компания төмендегілерге құқылы:

5.3.1.

Пайдаланушыға кез келген жолмен Платформа мен Қолданбаның жұмысы жайлы ақпарат жіберу, оның ішінде ақпараттық және басқадай хабарламаларды Платформа мен Қолданба ішіне орналастыру;

5.3.2.

осы Пайдаланушы келісімінің шарттарына және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы талаптарына сәйкес болмаса, Компанияға, Компанияның үлестес тұлғаларына, Серіктестерге және (немесе) үшінші тұлғаларға зиян келтіретін болса, Контентті және (немесе) Ақпаратты өңдеу немесе өшіру;

5.3.3.

басқасынан бөлек сыртқы құрылғылар жайлы, сонымен қатар Пайдаланушы құрылғысының аппараттық және бағдарламалық жасақтамасы жайлы техникалық деректерді қоса алғанда, техникалық деректер мен оларға байланысты ақпаратты жинау және пайдалану. Аталған ақпарат Пайдаланушыға Платформа Сервистеріне қатысты бағдарламалық жасақтаманың жаңартылуын, техникалық қолдау мен қызметтер (олар болған жағдайда) ұсынуды жеңілдету мақсатында мерзімді түрде жиналады;

5.3.4.

Платформа жұмысын жақсарту және тұрақтылығын арттыру, Пайдаланушыға көрсетілетін Сервистердің сапасы мен толықтығын жетілдіру мақсатында Пайдаланушының Платформаны және (немесе) Қолданбаны пайдалануы туралы статистикалық және басқадай ақпаратты жинау, сақтау және өңдеу;

5.3.5.

осы Пайдаланушы келісімінде, Құпиялылық саясатында, Платформа жұмысы мен Сервистердің ұсынылуын реттемелейтін Компанияның басқа құжаттарында және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа құқықтарды пайдалану.

5.4.

Компания келесілерге міндетті:

5.4.1.

осы Пайдаланушы келісімінің талаптарына сәйкес Пайдаланушының Сайт және (немесе) Қолданба арқылы Платформаға қолжетімділігін қамтамасыз ету;

5.4.2.

осы Пайдаланушы келісімінде, Құпиялылық саясатында және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, Пайдаланушы жайлы ақпаратты жарияламау, үшінші тұлғаларға бермеу;

5.4.3.

Компания осы Пайдаланушы келісімінде, Құпиялылық саясатында, Платформа жұмысы мен Сервистердің ұсынылуын реттемелейтін Компанияның басқа құжаттарында және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа міндеттерді көтереді.

5.5.

Пайдаланушы Сайт пен Қолданбаны қоса алғанда, Платформа Компанияға тиесілі зияткерлік меншіктің объектісі болып табылатынын мойындайды. Компания Пайдаланушыға ондай құқықтарға тек Пайдаланушының Платформа мен Қолданбаны осы Пайдаланушы келісіміне сәйкес жеке коммерциялық емес пайдалануына дәлелді түрде қажет көлемде ғана ерекше емес, өзгеге беруге болмайтын, қайтарылып алынатын лицензия береді. Пайдаланушыға Компанияның және (немесе) тиісті құқық иелерінің меншігі болып қала беретін тауар белгілеріне және Компанияның қызмет көрсету белгілеріне ешқандай құқық берілмейді. Сайт пен Қолданбаны қоса алғанда, Платформа бағдарламалық жасақтама болып табылады және “сол қалпында” жағдайларында және оның болу шартымен ұсынылады, әрі Компания Платформа Сервистеріне қолжетімділік алудың немесе оларды пайдаланудың қандай да бір мүмкін еместігі үшін жауапкершілік көтермейді.

5.6.

Пайдаланушы Компанияның Пайдаланушы Контентін және (немесе) Ақпаратын (не болмаса олардың бір бөлігін) Платформаның және (немесе) Қолданбаның маркетингтік немесе жарнамалық қызметі шеңберінде әлемнің кез келген елінде Интернет желісінде де, көрсетілген желіден тыс та мерзімсіз және тегін пайдалану, сонымен қатар оған көрсетілген мақсаттарға объективті түрде қажет өзгерістер енгізу құқығын мойындайды және Компанияға немесе қандай да бір бұрынғы, қазіргі және болашақтағы жеке мүліктік емес құқықтарға, авторлық құқықтарға немесе осы секілді әлемнің кез келген еліндегі, көрсетілген пайдалану түрлеріне байланысты Пайдаланушы ие болуы мүмкін басқа құқықтарға байланысты Компания атынан әрекет ететін басқа тұлғаларға қатысты барлық наразылықтардан Пайдаланушы бас тартады.

5.7.

Пайдаланушы оған Пайдаланушы Контентіне және (немесе) Ақпаратына және сызбаларды, жоспарларды, нобайларды, безендіру элементтерін, суреттерді, анимацияны, видео, - аудиофайлдарды, қаріптерді, логотиптерді, иллюстрацияларды, туындыларды, бейнелеу өнері туындыларын, кодты, интерфейстерді, мәтіндерді және әдеби шығармаларды қоса алғанда, Пайдаланушы жасаған кез келген басқа материалға қатысты барлық зияткерлік меншік құқықтары тиесілі екенін растайды. Бұл ретте Пайдаланушы Платформа және (немесе) Қолданба арқылы өз Контентін жүктеу кезінде Компанияға Контентке аумақтық тұрғыда шектелмеген ерекше емес лицензия береді және оны Қазақстан Республикасының заңнамасы сақталған жағдайда пайдаланушыларға Сервистер ұсыну, функционал жұмысын қамтамасыз ету, ілгерілету, жақсарту және Платформаны жетілдіру мақсаттарында Компания мен Серіктестердің пайдалануына рұқсат береді. Пайдаланушы Пайдаланушыға қызметтер көрсету мақсатында Компанияның көріністі түзету, резервті көшіру мақсатында қайталау және Компанияның қарауынша қызметтер көрсетуге қажетті кез келген басқадай қажетті техникалық әрекеттерді және (немесе) рәсімдерді орындау үшін бұлтты сервистерді қоса алғанда, Пайдаланушы Контентін және Ақпаратын Платформаға жүктеу және (немесе) көшіру мүмкіндігі үшін оған қолжетімділік құқығына ие екенін мойындайды және онымен келіседі.

6. ШЕКТЕУЛЕР

6.1.

Пайдаланушыға төмендегілерге тыйым салынады:

6.1.1.

Платформа арқылы жалған Ақпарат және (немесе) Контент орналастыру;

6.1.2.

жарнама, ақпараттық және басқадай материалдарды өзге Пайдаланушыларға олардың келісімінсіз жаппай таратуды жүзеге асыру;

6.1.3.

Пайдаланушы Контентін немесе Ақпаратын заңсыз, бедел түсіретін, жала жабу, әдепсіздік, қуғындаумен, қорқытумен немесе теріс пайдаланумен байланысты, арандату, нәсілшілдік, қорлау, жаңылыстыратын немесе алаяқтық, қылмыстық не зиян келтіретін әрекеттерге бастайтын, не болмаса басқадай түрде Компанияның немесе үшінші тұлғалардың құқықтарын (оның ішінде зияткерлік меншік құқықтары, жеке өмірге қол сұғылмаушылық құқығы, басқа құқықтар және заңмен қорғалатын мүдделер) бұзу немесе басқадай түрде қандай да бір жеке немесе заңды тұлғаны олардың тарапынан алдын ала айқын келісімсіз жағымсыз сипатта көрсететін түрде танылуы мүмкін контексте пайдалану, ұсыну, беру немесе көрсету.

6.1.4.

егер Пайдаланушының өкілеттігі болмаса, Платформа және (немесе) Қолданба арқылы қолжетімділік шектеулі кез келген ақпаратты (құпия ақпаратты), сондай-ақ кез келген көрінеу жалған ақпаратты орналастыру және (немесе) беру;

6.1.5.

Сайтты және (немесе) Қолданбаны қоса алғанда, Платформа функционалын, сондай-ақ ол жұмыс жасайтын инфрақұрылымды пайдалану үшін басқа бағдарламалық (Платформаның өзінен басқа) және (немесе) аппараттық құралдарды пайдалану;

6.1.6.

Платформа инфрақұрылымына үйлесімсіз үлкен жүктемеге алып келетін әрекеттер жасау және басқадай түрде оның жұмысын бұзу;

6.1.7.

Сайтты және (немесе) Қолданбаны қоса алғанда, Платформаны өзгерту, Компанияның, оның үлестес тұлғаларының және (немесе) Серіктестерінің ақпараттық ресурстарына, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымына, ақпараттық жүйелеріне және деректер базасына заңсыз қолжетімділік алуға бағытталған әрекеттерді жасау;

6.1.8.

Платформаны лотерея, дауысқа салу, конкурстар, викториналар, жарнама, сауалнама жүргізу үшін, мұндай белсенділіктер Компания, оның үлестес тұлғалары және (немесе) Серіктестері тарапынан оның жазбаша рұқсатымен жүзеге асырылатын жағдайларды қоспағанда, пайдалану;

6.1.10

жалықтыратын және сұратылмаған жарнама және хат-хабар, спам, «бақыт хаттары», қаржы пирамидаларына қатысуға шақыруларды жүктеу, орналастыру және (немесе) басқадай түрде тарату немесе тауарларды, жұмыстарды және (немесе) қызметтерді басқадай таңу;

6.1.11.

кез келген компьютерлік, телекоммуникациялық жабдық және (немесе) бағдарлама атқарымдылығын бұзуға, жоюға немесе шектеуге, рұқсат етілмеген қолжетімділікті жүзеге асыруға арналған компьютер кодтарын, сонымен қатар коммерциялық бағдарламалық өнімдердің сериялық нөмірлерін, логиндерін, парольдерін және Интернеттегі ақылы ресурстарға рұқсат етілмеген қолжетімділікті алуға арналған басқа құралдарды қамтитын Контент және (немесе) Ақпарат орналастыру;

6.1.12.

есірткі құралдарын насихаттайтын Контент және (немесе) Ақпарат орналастыру;

6.1.13.

зиян келтіруі мүмкін, қоқан-лоққы, балағат сөздер, дөрекі және намысқа тиетін, көпшілік мақұлдаған әдеп пен адамгершілік нормаларына қайшы сөздер мен сөйлемдерден тұратын, үшінші тұлғалардың жеке ақпаратын (иесінің келісімінсіз кез келген есімдерді, мекенжайларды және телефон нөмірлерін немесе кез келген басқа жеке байланыс ақпаратын қоса алғанда, бірақ онымен де шектелмей), заңға қайшы қолданатын Контент және (немесе) Ақпарат орналастыру;

6.1.14

Қолданбаны қолданыстағы заңнамаға сәйкес сертификатталмаған мобильді құрылғыларға орнату, сондай-ақ тиісті мобильді құрылғыларды қауіпсіз пайдалану қағидаларын бұзу.

6.2.

Осы Пайдаланушы келісімінің 6.1 тармағының ережелерін кез келген бұзу елеулі болып есептеледі және Компанияны кез келген уақытта және өз қарауынша Пайдаланушының Платформаға қолжетімділігін тоқтата тұруға немесе бұғаттауға, сондай-ақ осы Пайдаланушы келісімін біржақты тәртіпте бұзуға құқылы етеді.

6.3.

Платформа Пайдаланушының басқа интернет-ресурстарға және (немесе) оларда орналастырылған контент пен ақпаратқа өтуіне мүмкіндік беретін сілтемелерді/түймешіктерді қамтуы мүмкін. Мұндай сілтемелер/түймешіктер, сонымен қатар интернет-ресурстардың және (немесе) оларда орналастырылған контенттің және (немесе) ақпараттың мазмұны Компания тарапынан осы Пайдаланушы келісімінің Қазақстан Республикасы заңнамасының шарттарына сәйкестігіне тексерілмейді және Компания Пайдаланушы Платформаны пайдалану барысында қолжетімділік алатын үшінші тұлғалардың интернет-ресурстарында орналасқан кез келген контент және (немесе) ақпарат үшін жауапкершілік көтермейді.

6.4.

Пайдаланушы Платформаның арнайы сервистерін, олар болған жағдайда, пайдалана отырып, Платформада және (немесе) Қолданбада үшінші тұлғалар Контентіне сілтемені немесе ол туралы ақпаратты орналастыра және (немесе) пайдалана алады. Сервистер сапасын жақсарту мақсатында Компания үшінші тұлғалар Контенті туралы ақпаратты кэштеуі (уақытша сақтауы) мүмкін. Компания ондай ақпаратты кэштеу уақытын қысқартуға тырысады, алайда 7 тәулікке дейінгі мерзімге кэштеуге рұқсат етілген.

7. ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖӘНЕ КЕПІЛДІКТЕР

7.1.

Пайдаланушы орналастырылатын Контенттің және (немесе) Ақпараттың мазмұнын қоса алғанда, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзінің Платформада жүргізетін іс-әрекеттеріне жауапты болып табылады.

7.2.

Пайдаланушы Есепке алу деректерін қоса алғанда, тіркелу кезінде Компанияға ұсынатын мәліметтерінің дұрыстығы үшін жауапты болып табылады.

7.3.

Компания Пайдаланушы ұсынатын Контенттің және (немесе) Ақпараттың мазмұнына, үшінші тұлғалардың тауар белгілерін, логотиптерін немесе кез келген басқа зияткерлік меншік объектілерін оның пайдалануына жауапты емес.

7.4.

Компания Пайдаланушының ақпаратты жоғалтып алғанына, сондай-ақ Пайдаланушы Платформаға орналастыратын ақпараттың бұрмалануына жауапты болмайды.

7.5.

Пайдаланушы Контенттің және (немесе) Ақпараттың бір бөлігі болып табылатын жеке тұлғалардың жеке деректерін және (немесе) суреттерін орналастыру, беру және жариялау үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қажетті барлық келісімдер мен рұқсаттарды алғанына және оларға қатысты заңнаманың барлық тиісті талаптарын сақтайтынына кепілдік береді.

7.6.

Компания Пайдаланушының ақпаратты жоғалтып алғанына, сондай-ақ Пайдаланушы Платформаға орналастыратын ақпараттың бұрмалануына немесе хабарламалардың, Контенттің және (немесе) Ақпараттың жоғалуына жауапты болмайды.

7.7.

Пайдаланушы Платформа сервистерін пайдаланумен байланысты және сол арқылы алынған өзінің пайдаланушылық өнімдері және іс-әрекеті үшін жауапты болады.

7.8.

Компания ешқандай жағдайда Пайдаланушы Контентінің және (немесе) Ақпаратының "баспагері" немесе «авторы» болып есептелмейді, ешқандай түрде Пайдаланушы Контентін және (немесе) Ақпаратын ұсынбайды және Пайдаланушы немесе өзге тұлға Платформада немесе Платформа Сервистері арқылы жүктеген, орналастырған, жариялаған және (немесе) ұсынған Пайдаланушы Контентіне және (немесе) Ақпаратына қатысты,оларды қандай да бір үшінші тараптың пайдаланғаны үшін, олардың жоғалуы немесе жойылуы немесе оларға зиян келтірілгені үшін, сондай-ақ Пайдаланушы Контентінің және (немесе) Ақпаратының жариялануы, оларға қолжетімділік алу немесе сенім білдіру және (немесе) оны пайдалану нәтижесінде, немесе осы аталған әрекеттермен байланысты Пайдаланушыға немесе өзге тұлғаларға келтірілген залал, ұсталымдар немесе шығындар үшін өзіне ешқандай жауапкершілік алмайды.

7.9.

Компания Пайдаланушы немесе басқа тұлғалар тап болуы мүмкін Пайдаланушы Контентінің және (немесе) Ақпаратының қателері, ондағы жала, бедел түсіретін немесе бейәдеп ақпарат, арандатушылық және (немесе) басқадай заңсыз және (немесе) авторлық құқықты бұзатын жағдайлар үшін жауапкершілік көтермейді.

7.10.

Пайдаланушы Платформа Сервистерін пайдаланумен және (немесе) Платформа Сервистері арқылы немесе олармен байланысты түрде Серіктестердің және (немесе) үшінші тұлғалардың қызметтерін қосумен және (немесе) олармен жұмыс істеумен ілесе жүретін тәуекелдердің бар екенін мойындайды; Пайдаланушы Платформаның ондай пайдаланудың және (немесе) өзара іс-қимылдың нақты нәтижелеріне кепілдік бере алмайтынын, сонымен қатар осы арқылы Пайдаланушы көрсетілген өзара іс-қимылға байланысты туындайтын кез келген залал үшін баяндалған барлық тәуекелдерді, міндеттемелерді және (немесе) жауапкершілікті мойнына алатынын растайды.

7.11.

Компания Платформа Сервистерін жеке сипаттағы контентті орналастыру үшін пайдалануға кеңес бермейді және аталған контенттің қауіпсіздігі мен оған қол сұғылмаушылықтың қамтамасыз етілуіне, сонымен қатар аталған контентке қатысты құқық бұзушылыққа немесе оған қандай да бір залал келтірілгеніне байланысты тәуекелдер үшін жауапты болмайды.

7.12.

Пайдаланушы Компанияны (оның үлестес тұлғаларымен, қызметшілерімен, директорларымен және қызметкерлерімен бірге) барлық талаптардан, наразылықтардан, міндеттемелерден, зияндардың, залалдардың, шығындар мен ұсталымдардың орнын толтыруға қатысты өтемақылардан, адвокаттық қолақыларды қоса алғанда, қорғайды, сондай-ақ Компанияға (сонымен қатар оның үлестес тұлғаларына, қызметшілеріне, директорларына және қызметкерлеріне) (1) Пайдаланушының осы Пайдаланушы келісімінің ережелерін бұзуы; (2) Пайдаланушының үшінші тұлғалар құқығын, оның ішінде авторлық құқықтарды, қолжетімділік құқықтарын, мүліктік құқықтарды немесе жеке өмірге қол сұғылмаушылық құқықтарын бұзуы; (3) Пайдаланушы Контентінің және (немесе) Ақпаратының үшінші тұлғаларға зиян келтіруімен байланысты басқадай наразылықтар нәтижесінде немесе соларға байланысты туындаған, басталған немесе келтірілген кез келген зиянды, залалды, берешекті, шығындар мен ұсталымдарды (оның ішінде адвокаттардың қолақыларын) өтейді.

7.13.

Компания Сервистерге қатысты қандай да бір кепілдіктер ұсынбайды, жекелей алғанда, Компания Пайдаланушыға:

  • Сайтты, Қолданбаны және (немесе) Сервистерді қоса алғанда, Платформа Пайдаланушының талаптары мен мақсаттарына сәйкес келетініне;
  • Сайтты, Қолданбаны және (немесе) Сервистерді қоса алғанда, Платформа үздіксіз, сенімді түрде және жаңылыссыз ұсынылатынына;
  • Сайтты, Қолданбаны және (немесе) Сервистерді қоса алғанда, Платформаны пайдалану арқылы алынатын нәтижелердің нақты, сенімді болатынына және Пайдаланушының күткеніндей болатынына кепілдік бермейді.

7.14.

Пайдаланушы шектеу себептеріне қатыссыз Платформаның қолжетімділігінің шектелуіне байланысты, сонымен қатар Пайдаланушы Контентінің, Ақпаратының және (немесе) басқа материалдарының толық немесе ішінара қайтымсыз жоғалуымен байланысты Пайдаланушыға келтірілген, ұтылған пайданы қоса алғанда, ықтимал шығындар үшін Компанияның жауапкершілік көтермейтініне келіседі.

7.15.

Компания (а) күші еңсерілмейтін жағдайлардың әсерін; (б) нормативтік құқықтық актілердің өзгеруін/күшін жоюын; (в) мемлекеттік органдар мен үшінші тұлғалардың іс-қимылын; (г) байланыс операторлары көрсететін қызмет сапасының нашарлауын; (д) Компанияға тәуелді емес басқа да себептерді қоса алғанда, бірақ онымен де шектелмей, өз міндеттемелерінің орындалмағаны немесе тиісінше орындалмағаны үшін жауапкершілік көтермейді.

7.16.

Кез келген жағдайларда Компанияның осы Пайдаланушы келісімі бойынша жауапкершілігі бір айлық есептік көрсеткіш сомасымен шектеледі, бірақ бұл шектеу Пайдаланушының өміріне, денсаулығына және мүлкіне зиян келтірілген жағдайда қолданылмайды.

8. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

8.1.

Осы Пайдаланушы келісімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қосылу шарты болып табылады. Осы Пайдаланушы келісімінің шарттарын Компания өз бетінше белгілейді және олар Пайдаланушы тарапынан жалпы алғанда осы Пайдаланушы келісіміне қосылу жолымен ғана қабылданады.

8.2.

Пайдаланушының Платфома Сервистерін пайдалануға, Қолданбаны мобильді құрылғыға орнатуға және (немесе) оны пайдалануға қатысты іс-әрекеттері осы Пайдаланушы келісімімен, Компанияның Құпиялылық саясатымен және осы құжаттарда көрсетілген барлық жағдайлармен келісуінің белгісі болып табылады.

8.3.

Осы Пайдаланушы келісімі Пайдаланушының осы Пайдаланушы келісімінің шарттарына сәйкес оған қосылған күнінен бастап күшіне енеді және Пайдаланушының тіркелген Есепке алу деректерінің болуымен анықталатын Компанияның Пайдаланушыға қызметтер көрсетуі мерзімінде жарамды болады. Пайдаланушының Платформада авторизациядан өтпеуі және (немесе) Қолданбаны мобильді құрылғыдан өшіруі осы Пайдаланушы келісімін тоқтатпайды. Пайдаланушы кез келген уақытта Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қ., Р.Қошқарбаев даңғ., 1/4 ғимарат мекенжайы бойынша немесе support@aitube.kz электронды пошта мекенжайына Компанияға жазбаша хабарландыру жіберу жолымен осы Пайдаланушы келісімінен бас тарта алады, оның ішінде өзгертулер мен толықтыруларға келіспеген жағдайда да.

8.4.

Компания Пайдаланушы келісімінің өзгертілген редакциясын Компания сайтына орналастыру және (немесе) бұқаралық ақпарат құралдарында (БАҚ) жариялау жолымен осы Пайдаланушы келісіміне өзгертулер және (немесе) толықтырулар енгізе алады. Ондай өзгертулер мен толықтырулар Платформа атқарымы аясында олардың қабылданғаны жайлы тиісті түймешік басылғаннан кейін не болмаса олар жарияланғаннан кейін 7 (жеті) күнтізбелік күн өткен соң Пайдаланушы Платформаны пайдалануын жалғастырса, Пайдаланушы тарапынан қабылданған болып саналады.

8.5.

Компания осы Пайдаланушы келісімі бойынша өз құқықтарын және (немесе) міндеттерін толық та, олардың бір бөлігін де Пайдаланушының келісімінсіз үшінші тарапқа беруге құқылы.

8.6.

Осы Пайдаланушы құқығымен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешуге жатады.

8.7.

Осы Пайдаланушы келісімін орындаумен байланысты кез келген даулар мен келіспеушіліктер туындаған жағдайда Пайдаланушы мен Компания оларды өз араларында міндетті сотқа дейінгі (кінәрат-талаптық) тәртіпті қолдана отырып келіссөздер жүргізу жолымен шешуге бар күшін салады. Даулар келіссөз жүргізу жолымен шешілмеген жағдайда, олар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген тәртіпте Нұр-Сұлтан қ. жалпы хұкімді соттарында шешуге жатады.

8.8.

Осы Пайдаланушы келісімі заңды күші бірдей қазақ және орыс тілдерінде құрастырылды.