Пайдаланушы келісімі

Осы Пайдаланушы келісімі (бұдан әрі – «Келісім») «AITU - Dala» ЖШС (бұдан әрі – «Компания») (орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Нұр-Сұлтан қ., Сығанақ к., 29-үй) - “Aitube” сервисінің әкімшілігі және жеке тұлға (бұдан әрі – «Пайдаланушы») арасындағы Интернет желісіне http:// aitube.kz мекенжайындағы видео-порталға (бұдан әрі – «Портал») видео және аудио, фото және басқа да материалдарды орналастыру жөніндегі қатынастарды реттейді.

1. ТЕРМИНДЕР МЕН АНЫҚТАМАЛАР

Aitube — белгісіз адамдар тобына қолжетімді ақпаратты қамтитын және кез келген тұлғаға ондай ақпаратқа кез келген технологияны, стандарттар мен хаттамаларды қолдана отырып, сонымен қатар, болған жағдайда, тұрақты және мобильді операциялық жүйелердің (iOS, Android, Windows Phone және т.б.) мамандандырылған қолданбалары арқылы өз бетінше немесе Интернет желісіне қолжетімділік және жоғарыда аталған туындыларды көру мүмкіндігін беретін қосымша жабдықтарды пайдалана отырып, ЭЕМ және/немесе басқа, оның ішінде сымсыз, тасымалды құрылғылар (дербес қалта компьютерлері, планшеттер, смартфондар және сол секілді басқа ұялы байланыс немесе басқадай сымсыз байланыс желілері және т.б. абоненттік құрылғылары және басқалары) арқылы қолжетімділік алуға мүмкіндік беретін Компания иелігіндегі аппараттық-бағдарламалық технологиялық кешен.

Сайт - бағдарламалық-аппараттық және техникалық құралдардың кіріктірілген жиынтығы болып табылатын, сондай-ақ мәтінді, графикалық, видео, дыбыстық және басқадай нысанда берілген, Интернет ғаламдық желісінің интерактивті режимінде қолжетімді және өзінің бірегей мекенжайы (URL): Aitube.kz бойынша сәйкестендірілетін Aitube-тің бір бөлігі болып табылатын Интернет-сайт.

Пайдаланушы – Aitube-ті пайдаланатын жеке тұлға.

Серіктес – Компаниямен жасалған шарттар негізінде пайдаланушылар базасын құру, оны қолдану, кеңейту, атқарымды ұлғайту, сондай-ақ, Aitube-ке және кез келген Сервистерге қолдау көрсету үшін Компанияға қызмет көрсету, оның ішінде Компанияның жұмыс процестеріне қызмет көрсету мақсатында тартылатын тұлғалар.

Дербес деректер – электронды, қағаз және (немесе) басқадай материалды тасымалдаушыда бекітілген деректер, оның ішінде белгілі бір немесе олардың негізінде белгілі болатын дербес деректер субъектісіне қатысты биометрикалық деректер, сондай-ақ кейіннен оларға енгізілетін өзгертулер мен толықтырулар.

Сервистер – Aitube-те Пайдаланушыларға қолжетімді қызметтер мен құралдар.

Пайдаланушы келісімі – Қолданба жұмысын реттемелейтін немесе Сервистерді пайдалану тәртібін анықтайтын осы келісім және басқа қағидалар мен құжаттар, сондай-ақ Компанияның, оның Серіктестері мен Пайдаланушыларының құқықтары мен міндеттері.

Есепке алу деректері – Пайдаланушы тіркелу және/немесе Aitube-ті алғашқы пайдалану кезінде ұсынатын, Компания олардағы кез келген өзгертулер мен толықтыруларды ескере отырып, солардың негізінде Пайдаланушыны анықтайтын деректер.

Контент - Пайдаланушы тікелей Aitube-ке жүктеген (орналастырған) аудио, видео и басқа (мультимедиалық) материалдар (оның ішінде аудиовизуалды туындылар).

Ақпарат - Пайдаланушы Aitube-ке жүктеген (орналастырған) графикалық және мәтінді материалдар (оның ішінде юзерпиктер, пікірлер, мәтіндер және т.б.).

Арна - нақты Пайдаланушыға оның тіркелуі кезінде ұсынылатын, Пайдаланушының Контент және/немесе Ақпарат орналастыру және/немесе өшіру, Aitube, о.і. Сайттың техникалық мүмкіндіктері шегінде осы бөлімге қатысты басқа да әрекеттерді жүзеге асыру мүмкіндігі болатын Сайт бөлімі.

Құқық иесі – аудиовизуалды туындыны (толығымен немесе оның жекелеген элементтерін) пайдалану құқығының иесі болып табылатын, Компанияға өзара әрекеттестік пен ынтымақтастық аясында, оның ішінде Құқық иесіне тиесілі жоғарыда көрсетілген аудиовизуалды туындыларды пайдалану құқығын қорғау мақсатында пайдалану құқығы өзіне тиесілі аудиовизуалды туындылардың түпнұсқа материалдарын ұсынған заңды немесе жеке тұлға.

2. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
2.1
Компания Пайдаланушыға осы Пайдаланушы келісімі талаптарында Контентке және/немесе Ақпаратқа қатысты жүктеу, орналастыру, сақтау, қарау, ілгерілету және басқа да әрекеттерді жүзеге асыруды ұсынады.
2.2
Компания өз қарауынша жалпы Пайдаланушылардың барлығына не болмаса жекелеген Пайдаланушыға, оның ішінде алдын ала ескертусіз Порталға және/немесе оның жекелеген Сервистеріне (не болмаса Сервистер аясында қандай да бір жеке функцияларға) қолдау көрсетуді ұсынуды тоқтатуға (уақытша немесе түпкілікті) құқылы. Порталда ұсынылған Сервистер Пайдаланушыға алдын ала ескертпестен, кез келген сәтте өзгеруі, толығуы, жаңаруы, атқарымдық мүмкіндіктерінің нысаны мен сипатын өзгертуі мүмкін, соған байланысты оларды «сол қалпында», яғни Компания Пайдаланушы Порталға жүгінген сәтте ұсынған түрде және көлемде пайдалану ұсынылады.
2.3
Жоғарыдағы 2.2 тармақ ережелеріне нұқсан келтірмей, Компания Пайдаланушының Компания қызметкерлеріне де, өзге Пайдаланушыларға да қатысты әдеп нормаларының бұзылуына немесе осы Пайдаланушы келісімі ережелерінің басқадай бұзылуына жол бергені үшін оның Порталға, оның атқарымына және/немесе Сервистеріне қолжетімділігін шектеуге немесе тыйым салуға (уақытша немесе түпкілікті) құқылы.
2.4
Егер де Пайдаланушыда екінші Пайдаланушыға қатысты соңғысының Контентті/Ақпаратты/Сервистерді пайдалануына байланысты наразылық туындаса, Пайдаланушы ол талаптарды ондай Пайдаланушыға тікелей қойып, наразылықтарын өз бетінше әрі Компанияның қатысуынсыз шешуге міндетті.
3. ПОРТАЛҒА ТІРКЕЛУ ТАЛАПТАРЫ
3.1
Кәмелет жасқа толған Пайдаланушы Порталға тіркеліп, осы Пайдаланушы келісіміне отырғаннан кейін, Aitube-ті пайдалануға құқылы. Кәмелетке толмаған Пайдаланушы Aitube-ті Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген жағдайлар мен тәртіпте пайдалануға құқылы.
3.2
Пайдаланушының Aitube-ке тіркелуі оның осы Пайдаланушы келісімінің шарттарын сөзсіз қабылдағанын білдіреді.
3.3
Пайдаланушы тіркелу кезінде Сайтта Сайттың «Тіркелу» бөліміндегі тиісті өрістерге Есепке алу деректерін енгізу жолымен есептік жазба қалыптастырып, онда логин (электронды пошта мекенжайы) мен парольді көрсетеді. Пайдаланушы Порталға тіркелу (есептік жазба қалыптастыру) процесін «Мен Пайдаланушы келісімі мен Құпиялылық саясаты талаптарын қабылдаймын» талабын қабылдаумен аяқтайды.
3.4
Aitube Пайдаланушы тіркелу кезінде көрсеткен электронды пошта мекенжайына нақты Пайдаланушыға арнап электронды мекенжай мен Сайттағы есептік жазбаны верификаттау үшін қалыптастырылған уақытша сілтемені жібереді. Уақытша сілтеме Пайдаланушыға жіберілгеннен кейінгі 7 (жеті) күнтізбелік күн ішінде жарамды болады. Осы тармақта жоғарыда көрсетілген уақытша сілтеме бойынша өту фактісі Пайдаланушының Сайтқа қолжетімділік және оны пайдалану құқығын растау болып табылады.
3.5
Пайдаланушы Есепке алу деректерін өзгертуге және/немесе жоюға құқылы. Оларды жою келесі тәртіпте жүзеге асырылады:
  • Пайдаланушы Сайттың «Баптаулар» тармағындағы «аккаунтты жою» түймешігін басады. Келісімнің осы тармағында көрсетілген түймешікті басқаннан кейін бірден есептік жазба автоматты түрде 30 тәулік мерзімге бұғатталады, бұл мерзім ішінде оны пайдалана отырып орналастырылған Контент пен Ақпарат және Пайдаланушының басқа да деректері жойылмайды, бірақ басқа Пайдаланушылар үшін жасырын болып табылады;
  • Пайдаланушы жоғарыда көрсетілген 30 тәулік ішінде Сайттағы өзінің есептік жазбасының есепке алу деректерін (логин және пароль) пайдалана отырып, Сайтта авторланып, өзінің есептік жазбасын қалпына келтіре алады. Осыдан соң Пайдаланушының есептік жазбасы қалпына келтіріледі, көрсетілген Контенттер мен Ақпаратқа және Пайдаланушының басқа деректеріне қолжетімділік бұғатталу сәтінде болған көлемде жаңартылады (Пайдаланушы келісімін, Сайттың және Aitube-тің жұмысын реттейтін басқа нормалардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарын бұзатын Контент пен Ақпаратты қоспағанда);
  • егер жоғарыда көрсетілген 30 тәулік ішінде Пайдаланушының есептік жазбасы қалпына келтірілмесе, көрсетілген мерзім өткеннен соң, есептік жазба, осы есептік жазба пайдаланыла отырып орналастырылған Пайдаланушының Контенті, Ақпараты және басқа ақпаратының барлық көлемі қалпына келтірілуге жатпайды.
3.6
Әкімшілік Пайдаланушы соңғы авторланған күнінен кейінгі күнтізбелік 12 ай ішінде Сайтты пайдаланбаған (өзінің логинімен және паролімен авторлануды жүзеге асырмаған) жағдайда, сондай-ақ осы Пайдаланушы келісімінде және/немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа жағдайларда Пайдаланушының есептік жазбасын өз бетінше өз қарауынша бұғаттауға немесе жоюға құқылы.
3.7
Пайдаланушы өзінің Есепке алу деректерінің сақталуын қадағалап, оларды үшінші тұлғаларға ашпауға міндетті. Өзінің Есепке алу деректерін Пайдаланушы атынан және оның мүдделері үшін әрекет ететін немесе мұндай Есепке алу деректерін Пайдаланушымен тиісті келісімдер негізінде алған тұлғаларды қоспағанда үшінші тұлғаларға беруге, сонымен қатар өзінің Есепке алу деректерін Сайтты пайдалану үшін пайдалануға үшінші тұлғаларға тікелей немесе жанама түрде рұқсат беруге Пайдаланушының құқығы жоқ.
3.8
Пайдаланушының Есепке алу деректері пайдаланыла отырып жасалған кез келген әрекет Пайдаланушының өзі немесе ол өкілеттік берген тұлғалар жасаған әрекет болып саналады және Пайдаланушыға осы Пайдаланушы келісімі мен Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін артылатын жауапкершілікті қоса алғканда, мұндай әрекеттерге қатысты міндеттер мен жауапкершілік белгілейді.
3.9
Сайтқа Контент және/немесе Ақпарат орналастыру кезінде Пайдаланушының ол тіркелген және Контент және/немесе Ақпарат орналастырған (жүктеген) кезде көрсеткен лақап аты (никнейм) көрсетіледі. Пайдаланушының никнеймі норматвитік емес лексиканы және қорлау түрінде қабылдануы мүмкін сөздерді, сондай-ақ үшінші тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзатын сөз саптаулары мен сөздерді қамтымауы тиіс.
3.10
Компания Пайдаланушыға өзі туралы ақпаратты: сайттағы атын, Пайдаланушы және оның Aitube-ке орналастырылған/жүктелген Контенті жайындағы қысқаша ақпаратты, Пайдаланушының ресми сайтына сілтемені, Пайдаланушының суреттерін орналастыру құқығын береді. Мұндай ақпарат Пайдаланушыны жарнамалау немесе оның тауарлары мен қызметтерінің жарнамасы болып табылмайды және тек қана оны Aitube-те ол орналастырған/жүктеген Контентті және/немесе Ақпаратты Пайдаланушы ретінде сәйкестендіру үшін орналастырылады.
3.11
Осы Пайдаланушы келісімін жасай отырып, Пайдаланушыға Aitube-ті пайдалану мүмкіндігін, Aitube атқарымын дамыту мен жақсарту мүмкіндіктерін беру, сондай-ақ Компанияның Құпиялылық саясатында көрсетілген басқадай мүмкіндіктерді беру мақсаттары үшін, Пайдаланушы Компанияға төмендегілерге сөзсіз келісімін береді:
  • Пайдаланушының Дербес деректерін жинау, оның ішінде Aitube-тен басқа Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолжетімді қайнар көздерден;
  • өз қарауынша Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін кез келген тәсілдермен Дербес деректерді өңдеу (оның ішінде Компанияның үлестес тұлғалары және Серіктестері тарапынан);
  • Дербес деректерді Серіктестерге және үлестес тұлғаларға беру, оның ішінде трансшекаралық беру;
  • өзінің Дербес деректерін Сайттың және Компанияның шектес сервистерінің үшінші тұлға-пайдаланушыларына Пайдаланушы Aitube атқарымы шеңберінде белгілеген шектерде беру және ашу, бұл ретте Пайдаланушы белгілі бір баптауларды орнату кезінде Пайдаланушының деректері Aitube-тің және Компанияның шектес сервистерінің пайдаланушылары - қалың бұқараға қолжетімді болуы мүмкін екенін мойындайды;
  • Дербес деректерге қатысты Компанияның Құпиялылық саясатында көрсетілуі мүмкін басқа құқықтар.
3.12
Осы Пайдаланушы келісімін жасай отыра, Пайдаланушы үшінші тұлғалардан да, Компаниядан да жарнама ақпаратын алу мүмкіндігіне өз келісімін білдіреді. Пайдаланушы Компанияның сілтемелері тиісті материалдарда болуы мүмкін сайттарды қоса алғанда, ондай ақпараттың мазмұнын белгілемейтінін және олар үшін жауапкершілік көтермейтінін қабылдайды және онымен келіседі.
4. КОНТЕНТТІ ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫ ОРНАЛАСТЫРУ ШАРТТАРЫ
4.1
Пайдаланушымен жеке келісімде басқасы тікелей ескертілген жағдайларды қоспағанда, орналастырылған Контент пен Ақпарат үшін Пайдаланушыға қандай да бір сыйақы тиісті болмайды және төленбейді.
4.2
Пайдаланушы өз Контентін және/немесе Ақпаратын жүктеген кезде Компанияға Контентке және/немесе Ақпаратқа қайтарып алынбайтын және аумақтық шектеусіз лицензия ұсынады және оны Компанияның және Серіктестердің кез келген жолмен, кез келген нысанда және кез келген мақсатта, оның ішінде Қазақстан заңнамасы сақталған жағдайда Aitube және Сервистер жұмысын қамтамасыз ету, ілгерілету, атқарымдарын жақсарту және жетілдіру үшін пайдалануға рұқсат береді. Бұл ретте кез келген тұлға өз таңдауы бойынша кез келген Контентке және/немесе Ақпаратқа кез келген уақытта кез келген жерден (Контентті және/немесе Ақпаратты сақтау мүмкіндігімен де, мүмкіндігінсіз де) қолжетімділік ала алады;
4.3
Пайдаланушы Компанияның үшінші тұлғаларға Контентті және/немесе Ақпаратты Компания белгілеген көлемде, өтеулі де, өтеусіз де негізде пайдалану құқығын (қосалқы лицензия) беруіне келісімін береді.
4.4
Компания Пайдаланушының Контентін және/немесе Ақпаратын қамтитын Сайт парақшаларына Контентпен және/немесе Ақпаратпен бірге жарнама материалдарын, видеороликтер, баннерлер және хабарландырулар (оның ішінде үшінші тұлғалардың да) орналастыруға, сондай-ақ Aitube арқылы ойнатуға, Контентті түрлендіруге және қайта жөндеуге, сонымен қатар Контентті басқа коммерциялық мақсаттарда өтеусіз негізде немесе басқа талаптарда пайдалануға құқылы.
4.5
Компания Пайдаланушыға Пайдаланушы орналастырған Контенттің және/немесе Ақпараттың пайдаланылуы туралы қандай да бір есептер және/немесе ақпараттар ұсынуға құқылы, бірақ міндетті емес.
4.6
Пайдаланушы Контентке және/немесе Ақпаратқа қатысты қажетті барлық құқықтарға, оның ішінде оларды осы Пайдаланушы келісімі талаптарына сәйкес пайдалануға рұқсат беру құқығына ие екеніне кепілдік береді және олардың орналастырылуы мен пайдаланылуына толық жауапкершілік көтереді. Пайдаланушы Aitube-ке Контент және/немесе Ақпарат орналастыру және оларды әрі қарайғы пайдалану авторлық, шектес, патенттік құқықтарды, жеке өмірдің дербес құқықтылығы, ар-намысты, абыройды, іскерлік беделді қорғау, азамат бейнесі құқықтарын және т.б. қоса алғанда, бірақ онымен де шектелмей, өзге тұлғалардың зияткерлік меншік құқықтарын, жеке мүліктік немесе мүліктік емес құқықтарын бұзбайтынына кепілдік береді.
4.7
Пайдаланушының ол орналастырған қандай да бір Контенттің және/немесе Ақпараттың құқық иесі екеніне Компанияның күмәні туған немесе Контент және/немесе Ақпарат үшінші тұлғалардың қандай да бір құқықтарын немесе заңды мүдделерін бұзады деп шамалауға негіз болған, не болмаса Контенттің және/немесе Ақпараттың мазмұны осы Пайдаланушы келісімі және/немесе Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы талаптарына қайшы келген жағдайда, Компания өз қарауынша Aitube-тен тиісті Контентті және/немесе Ақпаратты жоюға немесе егер Контент және/немесе Ақпарат бойынша барлық құқықтардың құқық иесіне тиесілі екені анықталатын болса, оған қатысты құқық иесімен келісілген әрекеттерді жүзеге асыруға құқылы. Бұл ретте Компания Контентті және/немесе Ақпаратты жоюды қоса алғанда, жоғарыда көрсетілген әрекеттер немесе ондай әрекеттердің себептері жайында Пайдаланушыға хабарлап отыруға міндетті емес. Бұл тармақ Компанияға Aitube-ке орналастырылған Контентті және/немесе Ақпаратты тұрақты модерациялау (мазмұнды бақылау) бойынша міндет артылатынын білдірмейді және олай түсініле алмайды. Компания өзіне, сондай-ақ, Aitube-тен және/немесе Сайттан осы Пайдаланушы келісімі талаптарымен тікелей тыйым салынбаған, бірақ Компания тарапынан Контент және/немесе Ақпарат мазмұнына қатысты Компания саясатына сәйкес келмейді не болмаса бірмәнді емес деп танылған Контентті және/немесе Ақпаратты жоюдың біржақты құқығын қалдырады, оның нәтижесінде ондай Контентті және/немесе Ақпаратты Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы нормаларына сәйкес емес деп тану тәуекелі туындайды.
4.8
Пайдаланушы өз бетінше кез келген уақытта ол Сайт арқылы Aitube-ке орналастырған (жүктеген) Контентті және/немесе Ақпаратты ішінара немесе толық жоя алады.
4.9
Пайдаланушы басқа Пайдаланушылар Контентке қатысты Пайдаланушы арнасына орналастырған ақпаратқа (пікірлер) өз бетінше бақылау жасайды және аталған пікірлермен осы Пайдаланушы келісімі немесе Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарының бұзылуына өз бетінше, толық көлемде жауапкершілік көтереді. Әлдекімдер осы Пайдаланушы келісіміне немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін пікірлер орналастырған жағдайда Пайдаланушы бұл жайында claims@aitube.kz электронды пошта мекенжайына ол пікір орналастырылған Контентке және/немесе Ақпаратқа сілтеме жасай отырып, тиісті хабарлама жіберу жолымен дереу Компанияға хабарлауға міндетті.
4.10
Пайдаланушы Сайтқа Контент және/немесе Ақпарат орналастырған кезде, ол ондай Контенттің және/немесе Ақпараттың мазмұны үшін өзіне толық көлемде жауапкершілік алатынымен келіседі, Сайтта және/немесе Aitube-тің басқа сервистеріне Контент және/немесе Ақпарат орналастырылуы нәтижесінде Қазақстан Республикасы заңнамасының немесе үшінші тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуымен байланысты үшінші тұлғалардың барлық наразылықтары мен талаптарын өздігінен шешуге міндеттенеді және осы тармақта жоғарыда көрсетілген наразылықтарды және/немесе талаптарды шешумен байланысты әрекеттердің барлығын өздігінен және өз есебінен жүзеге асыруға міндетті.
4.11
Компания өзіне Контентті және/немесе Ақапартты орналастырмау құқығын қалдырады. Видео және аудио Контент кеңінен таралған пішімдерде (Windows Media Video, Apple QuickTime, MPEG 1-4, DivX, XviD, 3gp) ұсынылуы тиіс.
4.12
Қызметтердің және Пайдаланушыларды жаңа сервистер және Aitube мүмкіндіктері жайында ақпараттандырудың сапасын жақсарту мақсатында Компания Пайдаланушыға Сайтқа тіркелу кезінде көрсетілген электронды пошта мекенжайына ақпараттық хабарламалар жіберуге құқылы. Мұндай хабарламалар үшінші тұлғалардың жарнамасын қамтымайды және Пайдаланушыға 7 (жеті) күн ішінде бір рет қана жіберіле алады. Хабарламаларға Пайдаланушының Сайттағы әрекеттерімен немесе ол орналастырған Контентпен және/немесе Ақпаратпен байланысты әкімшіліктің қызметтік хабарламалары, сонымен қатар Пайдаланушы жіберген сұратуларға берген Компания жауаптары жатпайды. Пайдаланушы кез келген сәтте аталған ақпараттық хабарламаларды алу мерзімділігін өзгерте алады немесе ақпараттық хабарламаның өзіндегі тиісті пәрменді басу: алынған ақпараттық хабарламаның төменгі жағында «Жіберілімге жазылудан бас тарту» сілтемесі бойынша тиісті Интернет-парақшаға өтіп, ақпараттық хабарламаларды алудың талап етілетін тәртібін белгілеу немесе ашылған мәзірде тиісті тармақты таңдау жолымен оларды болашақта алудан бас тартуды орнату арқылы оларды алудан толықтай бас тарта алады. Егер ақпараттық хабарламаларды алу мерзімділігін өзгерту немесе ақпараттық хабарламаларды алудан бас тарту рәсімінен өткеннен кейін Пайдаланушы оларды дәл сол мерзімділікпен алуын жалғастыра берсе, ақпараттық хабарлама жіберілген электронды пошта мекенжайынан проблеманы сипаттап, әкімшіліктің support@aitube.kz электронды пошта мекенжайына хабарлама жіберу арқылы әкімшілікке жүгіну қажет.
5. ШЕКТЕУЛЕР
5.1
Пайдаланушыға төмендегілерге тыйым салынады:
5.1.1
Жарнама, ақпараттық және басқадай материалдарды өзге Пайдаланушыларға олардың келісімінсіз жаппай таратуды жүзеге асыру;
5.1.2
Aitube арқылы мазмұнында қорлау, жала, балағат сөздері бар, бейәдеп немесе басқадай мораль нормаларына қайшы Контентті, Ақпаратты, материалдарды; адамның қадір-қасиетін қорлайтын қатігездікті, лаңкестік пен зорлық-зомбылықты көрсететін немесе насихаттайтын материалдарды; сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сай келмейтін өзге материалдарды немесе сондай материалдарды қамтитын интернет-сайттарға, басқа ресурстарға сілтемелерді орналастыру;
5.1.3
Әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық немесе діни өшпенділік пен алауыздыққа түрткі болатын үгіт-насихатты, соғысты насихаттауды, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тілдік немесе басқадай жағдай негізінде кемсітушілікті жүзеге асыру;
5.1.4
Егер Пайдаланушының өкілеттігі болмаса, Aitube арқылы қолжетімділік шектеулі кез келген ақпаратты (құпия ақпаратты), сондай-ақ кез келген көрінеу жалған ақпаратты орналастыруды және/немесе беруді жүзеге асыру;
5.1.5
Aitube атқарымын және/немесе ол жұмыс жасайтын инфрақұрылымды (платформаны) пайдалану үшін басқа бағдарламалық (Aitube-тің өзінен басқа) және/немесе аппараттық құралдарды пайдалану;
5.1.6
Aitube инфрақұрылымына үйлесімсіз үлкен жүктемеге алып келетін әрекеттер жасау және басқадай түрде Сайт пен оның инфрақұрылымының жұмысын бұзу;
5.1.7
Aitube-ті өзгерту, Компанияның және/немесе оның Серіктестерінің ақпараттық ресурстарына, ақпараттық жүйелеріне және деректер базасына заңсыз қолжетімділік алуға бағытталған іс-қимылдарды жасау;
5.1.8
Aitube-ті лотерея, дауысқа салу, конкурстар, викториналар, жарнама, сауалнама жүргізу үшін, мұндай белсенділіктер Компания тарапынан немесе оның рұқсатымен Серіктестер тарапынан жүзеге асырылатын жағдайларды қоспағанда, пайдалану;
5.1.9
Жалықтыратын және сұратылмаған жарнаманы және хат-хабарды, спамды, «бақыт хаттарын», қаржы пирамидаларына қатысу шақыруларын жүктеу, орналастыру немесе басқадай тәсілмен тарату немесе басқа тәсілдермен тауарлар, жұмыстар және/немесе қызметтер ұсыну;
5.1.10
Кез келген компьютерлік, телекоммуникациялық жабдық және/немесе бағдарлама атқарымдылығын бұзуға, жоюға немесе шектеуге, рұқсат етілмеген қолжетімділікті жүзеге асыруға арналған компьютер кодтарын, сонымен қатар коммерциялық бағдарламалық өнімдердің сериялық нөмірлерін, логиндерді, парольдерді және Интернеттегі ақылы ресурстарға рұқсат етілмеген қолжетімділікті алуға арналған басқа құралдарды қамтитын Контентті және/немесе Ақпаратты орналастыру;
5.1.11
Есірткі құралдарын насихаттайтын Контент және/немесе Ақпарат орналастыру;
5.1.12
Зиян келтіретін, қоқан-лоққы, балағат сөздер, дөрекі және қорлайтын, көпшілік мақұлдаған адамгершілік нормаларына қайшы сөздер мен сөйлемдерден тұратын, үшінші тұлғалардың жеке ақпаратын заңға қайшы қолданатын (иесінің келісімінсіз кез келген есімдерді, мекенжайларды және телефон нөмірлерін немесе кез келген басқа жеке байланыс ақпаратын қоса алғанда, бірақ онымен де шектелмей) Контентті және/немесе Ақпаратты орналастыру.
5.2
Осы Пайдаланушы келісімінің 5.1 тармағының ережелерін кез келген бұзу елеулі болып есептеледі және Компанияның осы Пайдаланушы келісімін біржақты тәртіпте бұзуына құқық береді.
5.3
Сайт пайдаланушының басқа Интернет-сайттарға және/немесе оларда орналастырылған аудио/видео/мәтінді материалдарға (бұдан әрі– «Үшінші тұлғалар контенті») өтуіне мүмкіндік беретін сілтеме/түймешіктерді қамтуы мүмкін. Мұндай сілтеме/түймешіктер, сонымен қатар Үшінші тұлғалар контенті Aitube тарапынан пайдаланушы талаптарына, Қазақстан Республикасы заңнамасының және осы Пайдаланушы келісімінің нормаларына сәйкестікке тексерілмейді және Aitube Пайдаланушы Aitube-ті пайдалану барысында қолжетімділік алатын үшінші тұлғалардың Интернет-сайттарында орналасқан кез келген Контент және/немесе Ақпарат үшін, оның ішінде үшінші тұлғалардың Интернет-сайттарында айтылған кез келген пікір немесе пайымдау, жарнама және т.б., сондай-ақ мұндай Интернет-сайттардың немесе Үшінші тұлғалар контенттерінің қолжетімділігі (қызметтер деңгейі) және Пайдаланушының оларды пайдаланғанынан және ондай Интернет-сайттарға өткенінен болған салдарлар үшін жауапкершілік көтермейді.
5.4
Пайдаланушы Сайтта Aitube-тің арнайы сервистерін, олар болған жағдайда, пайдалана отырып, Үшінші тұлғалар контентіне сілтемені немесе ол туралы ақпаратты орналастыра және/немесе пайдалана алады. Сервис сапасын жақсарту мақсатында Aitube Үшінші тұлғалар контенті туралы ақпаратты кэштеуі (уақытша Aitube-те сақтауы) мүмкін. Aitube мұндай ақпаратты кэштеу уақытын қысқартуға тырысады, алайда 7 тәулікке дейінгі мерзімде кэштеуге жол беріледі.
5.5
Пайдаланушы Aitube-тің, сонымен қатар, үшінші тұлғалардың сайттарындағы Пайдаланушыға қатысты көпшілікке қолжетімді материалдарды тек Пайдаланушы үшін сапа және сервис қызметтері көлемін арттыру мақсатында пайдалануға құқылы екенімен келіседі.
6. ЖАУАПКЕРШІЛІК
6.1
Пайдаланушы, өзі орналастыратын ақпараттың мазмұны үшін және Aitube-ке орналастырылған ақпаратқа қатысты үшінші тұлғалардың құқығын бұзғаны үшін болатын жауапкершілікті қоса алғанда, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Aitube-те жүргізілетін іс-әрекеттерге жауапты болып табылады.
6.2
Пайдаланушы Есепке алу деректерін қоса алғанда, тіркелу кезінде Компанияға ұсынатын ақпараттың дұрыстығы үшін жауапты болып табылады.
6.3
Пайдаланушы Aitube арқылы орналастырылатын және таратылатын Контентке және оның мазмұнына қатысты іс-әрекеттерге жауапты болып табылады.
6.4
Компания Пайдаланушының ақпаратты жоғалтып алғанына, сондай-ақ Пайдаланушы Aitube арқылы орналастыратын ақпараттың бұрмалануына жауапты емес.
6.5
Компания Сервистерге қатысты қандай да бір кепілдіктер ұсынбайды, оның ішінде Компания Пайдаланушыларға:
  • Aitube және Сервистер, олар ұсынатын артықшылықтар мен олардың сапасы Пайдаланушының талаптары мен мақсаттарына сәйкес келетініне;
  • Aitube және Сервистер үздіксіз, сенімді түрде және жаңылыссыз ұсынылатынына;
  • Aitube-ті және Сервистерді пайдалану арқылы алынатын нәтижелердің нақты, сенімді болатынына және Пайдаланушының күткеніндей болатынына кепілдік бермейді.
6.6
Пайдаланушы Компанияның шектеу себептеріне қатысынсыз, сонымен қатар Пайдаланушы Контенті, Ақпараты және/немесе басқа материалдарының толық немесе ішінара жоғалуымен байланысты Aitube-тің және Сервистердің қолжетімділігінің шектелуіне байланысты Пайдаланушыға келтірілген, ұтылған пайданы қоса алғанда, ықтимал шығындар үшін жауапкершілік көтермейтініне келіседі.
6.7
Компания (а) күші еңсерілмейтін жағдайлардың әсерін; (б) нормативтік құқықтық актілердің өзгеруін/күшін жоюын; (в) мемлекеттік органдар мен үшінші тұлғалардың іс-қимылын; (г) байланыс операторлары көрсететін қызмет сапасының нашарлауын; (д) Компанияға тәуелді емес басқа да себептерді қоса алғанда, бірақ онымен де шектелмей, өз міндеттемелерінің орындалмағаны немесе тиісінше орындалмағаны үшін жауапкершілік көтермейді.
6.8
Кез келген жағдайларда Компанияның осы Пайдаланушы келісімі бойынша жауапкершілігі бір айлық есептік көрсеткіш сомасымен шектеледі, бірақ бұл шектеу Пайдаланушының өміріне, денсаулығына және мүлкіне зиян келтірілген жағдайда қолданылмайды.
7. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
7.1
Осы Пайдаланушы келісімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қосылу шарты болып табылады. Осы Пайдаланушы келісімінің шарттарын Компания Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз бетінше белгілейді және олар Пайдаланушы тарапынан жалпы алғанда осы Пайдаланушы келісіміне қосылу жолымен ғана қабылданады.
7.2
Кез келген тұлғаның (Пайдаланушының) Aitube-ті мобильді қондырғыға орнатуға және\немесе оны пайдалануға қатысты іс-әрекеті осы Пайдаланушы келісімімен, Компанияның Құпиялылық саясатымен және осы құжаттарда көрсетілген барлық жағдайлармен келісуінің белгісі болып табылады.
7.3
Осы Пайдаланушы келісімі Пайдаланушының Осы Пайдаланушы келісімінің 3-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және Пайдаланушының Компанияда тіркелген Есепке алу деректерінің болуымен анықталатын Компанияның Пайдаланушыға қызметтер көрсетуі мерзімінде жарамды болады. Aitube есепке алу деректерінің мобильді қондырғыдан өшірілуі осы Пайдаланушы келісімін тоқтатпайды, бірақ Пайдаланушы кез келген уақытта Қазақстан Республикасы, Астана қ., Сығанақ к. 29 мекенжайы бойынша Компанияға жазбаша хабарландыру жіберу жолымен осы Пайдаланушы келісімінен бас тарта алады, оның ішінде өзгертулер мен толықтыруларға келіспеген жағдайда да.
7.4
Компания Компания сайтында және/немесе бұқаралық ақпарат құралдарында (БАҚ) Пайдаланушы келісімінің өзгертілген редакциясын жариялау жолымен осы Пайдаланушы келісіміне өзгертулер және/немесе толықтырулар енгізе алады. Мұндай өзгертулер мен толықтырулар олардың қабылданғаны жайлы тиісті түймешік басылғаннан кейін не болмаса олар жарияланғаннан кейін 7 (жеті) күнтізбелік күн өткен соң Пайдаланушы Сайтты пайдалануын жалғастыра берсе, Пайдаланушы тарапынан қабылданған болып саналады. Пайдаланушы келісімінің қолданыстағы редакциясы сайтта орналастырылады.
7.5
Пайдаланушы Компанияға осы Пайдаланушы келісімі бойынша өз құқықтарын және/немесе міндеттерін толық та, олардың бір бөлігін де Компанияның өз шешімімен үшінші тарапқа беруіне келісім береді.
7.6
Осы Пайдаланушы құқығымен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешуге жатады.
7.7
Осы Пайдаланушы келісімін орындаумен байланысты кез келген даулар мен келіспеушіліктер туындаған жағдайда Пайдаланушы мен Компания оларды өз араларында міндетті сотқа дейінгі (кінәрат-талаптық) тәртіпті қолдана отырып келіссөздер жүргізу жолымен шешу үшін бар күш-жігерін салады. Даулар келіссөз жүргізу жолымен шешілмеген жағдайда, олар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген тәртіпте Астана қ. жалпы хұкімді соттарында шешуге жатады.
7.8
Осы Пайдаланушы келісімі қазақ және орыс тілдеріндегі заңды күші бірдей екі данада құрастырылды.