Шымкентте полицейлер өз-өзіне қол жұмсамақ болған әйелді құтқарды

630 просмотров •
22 қыркүйек кешкі сағат 18:04 шамасында Шымкент қаласы ПД ЖБО-ның инспекторы Дархан Құлмырзаев мегаполис жолдарындағы тәртіпті бақылай отырып, Қонаев даңғылы мен Мәделі қожа көшесінің қиылысында орналасқан "Сергек" камералары арқылы құбыр үстінде жүрген бір әйелді байқады. Ол сол жерден секірмек болған. Белгілі болғандай, 30 жастағы қала тұрғыны күйеуімен екі бала тәрбиелеп отыр. Бір күн бұрын ол жұбайымен ұрысып, өзін-өзі өлтіруді шешкен.

#Шымкент#Спасение#Суицид#Полиция#МВД