"Менің атым Қожа" фильмі қазақша

953 просмотра • 08 декабря 2021
1963 жылы "Қазақфильм" студиясы түсірген балалар фильмі. Фильмге өткен ғасырдың елуінші жылдарындағы қазақ ауылының өмірі арқау болған. Басты кейіпкері Қожа ақылды, сонымен бірге бұзық, әкесіз өскен бала. Фильм барысында ол көп нәрсеге ұрынады. Ғашық та болады, төбелеседі де, бұзықтық та жасайды, сабақтан да қуылады, жиналыста тәртібі де қаралады, мектептен қуылуға шақ қалады. Ол тәртіпсіздіктерге кейде саналы түрде, кейде білместікпен барады. Дегенмен ол оншалық ессіз бала емес. Сондықтан болар, осы күнге дейін жұртшылықтың сүйікті кейіпкері саналады. Режиссёрі Абдолла Қарсақбаев Сценарийдің авторы Бердібек Соқпақбаев Ниссон Зелеранский Басты рөлдерде Нұрлан Сегізбаев Бикен Римова Кененбай Қожабеков Зағи Құрманбаева Раиса Мұхамедиярова Операторы Михаил Аранышев Композиторы Нұрғиса Тілендиев Кинокомпания Қазақфильм Фильмде қазақы ауылдағы аналық, әжелік мейірімді, пионерлер өмірін, сол заманғы қоғамдық тәртіпті сезіне аласыз.